29
Тамыз

«Ақ жол» демократиялық партиясы: Конституциясының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстелде жастар кеңесі марапатталды

29 тамыз 2025 жыл Абай облыстық филиалы

Абай облысында өткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстелде қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері мен жастар бас қосты.

Бұл шараға «Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері де қатысып, еліміздің басты құжаты – Ата Заңның 30 жылдық мерейтойымен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтап, қоғамға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Жастар кеңесі атынан белсенді қатысқандар арнайы алғыс хатпен марапатталды. Оның ішінде:

•        Жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы;

•        Шәкәрім университетінің белсенді студенті әрі жастар кеңесінің мүшесі Ертарғынова Ақбота.

Бұл марапат – жастардың қоғамдық өмірге белсене араласып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауының айқын дәлелі.