17
Желтоқсан

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы 2024 жылдың қорытындысын шығарды

2024 жылдың 17 желтоқсаны, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бүгін «Ақ жол» демократиялылық партиясының орталық кеңсесінде партия Ұлттық кеңесінің пленумы өтіп, өткен жылдың қорытындысы шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі жұмыс бағыттары талқыланды. 

Пленум барысында Мәжілістегі атқарылған жұмыс туралы фракцияның есебі тыңдалды (баяндамашы – Ұлттық кеңестің хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» демпартиясы фракциясының аппарат жетекшісі, Мәжілістің VI-VII шақырылымының депутаты Берік Дүйсембинов).

«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев партия Ұлттық кеңесі Президиумының 2024 жылдағы қызметі туралы қорытынды баяндама жасады.

Сонымен қатар, Пленумның бірауыздан қабылданған шешімімен VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Ерлік Өмірғали «Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасары болып сайланды.

Сондай-ақ, Ұлттық кеңестің пленумы Ұлытау облысы бойынша партия филиалының төрағасы болып Ақылбек Амановты және партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Бауыржан Тұрсынбайұлын сайлау туралы шешімді бекітті.

Талқылау барысында депутаттар өз ұсыныстары мен бастамаларын білдірді.  Сондай-ақ партияның 2025 жылға арналған жұмысының басым бағыттары айқындалды.

Дәстүр бойынша жыл қорытындысы бойынша аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардың үздік депутаттары «Үздік депутат» төсбелгісімен марапатталды.

Олардың қатарында:

Аяна Мүкеева – Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты.

Саят Сыздықов – Ақмола облыстық мәслихатының депутаты.

Фархат Сансызбай – Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты.

Қайыр Қажы - Жетісу облыстық мәслихатының депутаты.

Нұрымжан Сопбеков – Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты.

Ойрат Нұрқазов – Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.

Шынар Біләлова – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

Жанаргүл Құлмағанбетова – Астана қалалық мәслихатының депутаты.

Олжас Нұралдинов – Алматы қалалық мәслихатының депутаты.

Дулат Қуашбаев – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.

Ермек Әбілмәжінов — Жаңасемей аудандық мәслихатының депутаты (Абай облысы).

Руслан Мырқалықов – Тараз қалалық мәслихатының депутаты (Жамбыл облысы).

Нұрлан Белшер – Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты (Маңғыстау облысы).

Жаныбек Әлімбаев – Іле аудандық мәслихатының депутаты (Алматы облысы).

Думан Шанов – Бәйтерек аудандық мәслихатының депутаты (Батыс Қазақстан облысы).

Ерлан Асылбеков - Жылыой аудандық мәслихатының депутаты (Атырау облысы).

Жанна Сакетаева - Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты (Шығыс Қазақстан облысы).

Айтқожа Әлімқұлов — Амангелді аудандық мәслихатының депутаты (Қостанай облысы).

Руслан Ибраев - Железин аудандық мәслихатының депутаты (Павлодар облысы).

Айбек Молдасапаров – Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты (Түркістан облысы).

Сондай-ақ кәсіпкерлер Гүлзат Тәжіқұлова, Талант Әділбеков және Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Нұрхан Нұрманов партиялық наградалармен марапатталды.

Отырыс қорытындысы бойынша партия қызметінің 2025 жылға арналған негізгі бағыттары айқындалды. Басым міндеттер қатарында:

  • Жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша жұмыс;
  • Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және шағын және орта бизнеске (ШОБ) әкімшілік қысымды төмендету бойынша жұмысты жалғастыру;
  • Ұлттық мүдделерді қорғау және отандық өндірушілерді қолдау;
  • Мемлекеттік тілдің мәртебесін жүзеге асыру;
  • Ірі мұнайгаз кен орындары бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдердің (ӨБК) шарттарын ашу және қайта қарау;
  • Ұлттық экономиканың өндірістік негізін қалыптастыру;
  • Жергілікті мәслихаттардың мәртебесін нығайту, олардың алдында әкімдіктер мен атқарушы органдардың есеп беруі қағидатын іске асыру;
  • Алдағы 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, соғыс және тыл ардагерлеріне қолдау көрсету.

Сонымен қатар, Пленумға қатысушылар жақында өткен АӨК форумында Президент Қ.Тоқаев айтқан конституциялық реформаны жалғастыруды қолдайтындықтарын білдірді.

Пленум соңында «Ақ жол» демпартиясының төрағасы үзеңгілестерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, барша Қазақстан халқына денсаулық пен бақ-береке тіледі.