30
Тамыз

"Ақ жол" демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қайғылы оқиға туралы мәлімдемесі

https://t.me/peruash/2743

2021 жылғы 31 тамызда партияның Ұлттық кеңесінің пленумында қабылданды.
  
Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстар тек іргелес ауылдар мен Тараз қаласын ғана дүр сілкіндірген жоқ.
Бұл жағдайға бүкіл ел болып уайымдап, бүкіл ел болып шын жүректен көңіл білдіріп жатыр. Сондай-ақ, бізге әлемнің көптеген елдерінде тұратын достарымыз бен бұрынғы отандастарымыз көңіл айтып, қолдау білдіруде.
  
Бүгінге дейін қаза тапқан әскери қызметші мен құтқарушылар саны 14-ке жетті. 98 адам жарақат алып, ауруханада жатыр. Жүзден астам ғимараттар, соның ішінде тұрғын үйлер, мектептер, қоғамдық мекемелер және бизнес нысандары қирап, бүлінген.
"Ақ жол" демократиялық партиясының ұлттық кеңесі өз міндетін соңына дейін орындап, апаттың алдын алу кезінде қаза тапқан батырлардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
  
Біз қаза тапқан жандарға арнап Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялағаны және оларды жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттағаны, соның ішінде өрт сөндіру операциясының басшысына Халық Қаһарманы атағын бергені үшін Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз.
Бұл шешімдерді адамгершілік тұрғысынан да, мемлекеттік деңгейде тану тұрғысынан да дұрыс деп санаймыз. Халықта: «Ерім дейтін ел болмаса, Елім дейтін ер қайдан болсын» деген бар.
  
Сондай-ақ зардап шеккендер мен жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз, және де осы қайғылы жағдайға ұшырағандардың барлығына шын жүректен көңіл айтамыз.
  
2019 жылы Арыс қаласындағы жарылыстардан кейін президент Қ.Тоқаев оқ-дәрілердің барлық қоймаларын елді мекендерден тыс жерлерге көшіруді тапсырғанын еске салуға мәжбүрміз ("Ақ жол" демократиялық партиясы Үкіметке 2019 жылғы 29 маусымда осындай үндеу жолдады). Президент тапсырмасының орындалмау себептері мен кінәлілерін анықтау қажет деп санаймыз.
  
Сонымен қатар, ғаламтор желісіндегі ашық көздерде Арыс қаласының қоймаларынан шығарылған оқ-дәрілерді қоса алғанда, снарядтарды сақтауда және жоюда жауапсыздық болғаны туралы ақпараттар пайда болуда.
Ал аман қалған құтқарушылар өрт сөндіру бөлімшелеріне жанып жатқан қоймаларда оқ-дәрілердің әлі де бар екендігі туралы хабарланбағанын айтады, нәтижесінде бұл адамдардың өліміне әкелді. Яғни, жауапты тұлғалар қызметтік міндеттерін адал әрі уақытылы орындағандарында, осындай құрбандықтан аулақ болар едік.
Аталған әскери бөлім ғана емес, сонымен қатар ҚР Қарулы Күштерінде оқ-дәрілерді қоймалау, сақтау және жоюдың барлық жүйесі, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, түбегейлі қайта қарауды қажет етеді деп санаймыз. Бұл тақырып әсіресе Ауғанстанның өңірлік қауіпсіздігінде өзгерістер болып жатқанда ерекше өзектілікке ие.
  
Президент Қ.Тоқаевтың өкімімен арнайы комиссия құрылып, болған оқиғаға мұқият тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі. Тергеу нәтижелері бойынша осындай күрт салдарға әкеп соқтырған себептердің барлық кешені анықталады, ал кінәлілер атағы мен лауазымына қарамастан жауапқа тартылады деп үміттенеміз.
Жоғарыда көрсетілген комиссиядан ашық көздерде пайда болған барлық материалдар мен ақпараттарды қарауға қосуды, болған жағдайға қатысты сыни тұрғыдан зерделеуді және расталған жағдайда тергеу жұмысында ескеруді сұраймыз.
 
Осындай кезеңде елімізге бейбітшілік пен тыныштық, төзімділік пен рухтың беріктігін тілейміз.