Конференция жұмысына «Ақ жол» демпартиясының төраға орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII-VIII шақырылымының депутаты Серік Ерубаев арнайы келіп қатысты.
Конференцияны «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау
облыстық филиалының төрағасы Батыржан Қорғанбаев төрағалық етті.
Іс-шараға «Ақ жолдың» жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттары Нұрлан Белшер, Бекнұр Бисенов, Наурызбек Тилепов, Амангелді Өтешов, партияның белсенді мүшелері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Конференция барысында партияның Маңғыстау
облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы филиалдың 2024-2025
жж. және 2026 жылдың 6 айының қорытынды есебін баяндады.
Сондай-ақ, делегаттар күн тәртібіндегі «Ақ
жол»
партиясының XXIII Съезіне Маңғыстау
облысынан баратын делегаттарды бекіту мәселесін қарады.
Жиында күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, шешім шығарылды.
Сонымен бірге, конференцияда Серік Ерубаев
партияның Саяси бағдарламасын, Мәжілістің VIII шақырылымында атқарған
жұмыстардың нәтижесін және партия жаңалықтарымен бөлісті.
Конференция шешімімен 2026 жылдың 5 шілде
күні өтетін «Ақ жол» демпартиясының XXIII Съезіне 7 делегат сайланды.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)