09
Шілде

«Ақ жол» демпартиясы партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжаттар тапсырды

«Ақ жол» демократиялық партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясына құжаттарды тапсырды.

ОСК-ға құжаттарды партия Орталық аппаратының жетекшісі Асылхан Қожахметов, Саяси кеңестің құқықтық жұмыс жөніндегі хатшысы Рустам Жұмағалиев және партия заңгері Абай Табысбаев ұсынды.

Құжаттарды тапсыру сайлау науқанының міндетті кезеңі болып табылады. ОСК ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен сайлау туралы конституциялық заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді.

Еске сала кетейік, 5 шілдеде өткен «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды съезі Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын 63 кандидаттан тұратын партиялық тізімді бекіткен болатын.