28
Ақпан

«Ақ жол» демократиялық партиясы мен агроөнеркәсіптік кешен қауымдастығы альянсымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

https://t.me/peruash/8382 

«Агроөнеркәсіптік кешеннің 100 басты мәселесі және оларды шешу жолдары» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Агроөнеркәсіптік кешен қауымдастығы альянсымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Қол қою рәсіміне «Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасарлары Қазыбек Иса мен Берік Дүйсембинов, сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына кандидат Рустам Жұмағалиев қатысты.


Агроөнеркәсіптік кешен қауымдастығы альянсы атынан меморандумға Қайрат Бисетаев (Картоп өсірушілер одағы), Мақсұт Бақтыбаев (Қазақстан Республикасының ет одағы), Ислам Әбішев (Су шаруашылығы және мелиорация қауымдастығы), Нұрғали Бисекенов (Әулиекөл тұқымды ірі қара малының республикалық палатасы) қол қойды.

«Ақ жол» демпартиясы кәсіпкерлер партиясы ретінде өз қызметінде ауыл шаруашылығы мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеушілерге айтарлықтай көңіл бөлуде. Бұл мәселелер партияның бағдарламасында қарастырылған, ал, Мәжілістің 7-шақырылымында Аграрлық комитетті «Ақ жол» фракциясы басшысының орынбасары Ерлан Барлыбаев басқарды. Біздің фракция депутаттары субсидияларға тосқауыл қою, асыл тұқымды мал әкелудегі жемқорлық, олигархтардан ауылшаруашылық жерлерін қайтару, ауылдардағы жайылымдық жерлерге қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Үкіметті талай рет сынға алды.

Әлеуметтік желілерде «Ақ жол» фракциясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің парламент отырыстарындағы пікірталастары бар видеолар 2 миллионнан астам қаралым жинады.

Яғни, агроөнеркәсіптік кешен тақырыбы «Ақ жол» партиясының үнемі назарында. Тура бір апта бұрын Алматы облысының шалғай ауылдарындағы сайлаушылармен кездесулерде диқандар бізден жер мен жайылымдық жерлерді көзбояушылық үшін емес, нақты қайтаруды талап етті. Жамбыл облысындағы былғары-аяқ киім тігу фабрикасы мемлекеттік органдардың ойластырылмаған шешімдерінің салдарынан мыңдаған тері аяқ киім мен киім-кешек түгу үшін өңделудің орнына, қоқысқа тасталып, шіріп жатқанын мәлімдеді.

Осының барлығын ескере отырып, партия басшылығы ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді қолдау мен дамыту жұмыстарын үйлестіруді мақсатында Агроөнеркәсіптік кешені қауымдастықтарының альянсымен ынтымақтастық туралы ұсынысты қолдауды жөн деп тапты. Парламент пен мәслихаттардағы «Ақ жол» демпартиясының фракциялары құрылған соң, біз заңнамаға және мемлекеттің агроөнеркәсіптік саясатына қажетті өзгерістерді талқылауға кірісеміз.