13
Шілде

«Ақ жол» Демократиялық партиясы пандемиядан қайтыс болғандарға аза тұту күнінде атқарушы билікті өзгеріске шақырды және дағдарыстың басында 11 наурыз күні парламенттік республика енгізу туралы жасаған ресми депутаттық сауалы жөнінде еске салды

Бұл туралы партия төрағасы өзінің твиттерінде жазды.

«Бүгін біз пандемия құрбандарын еске алып отырмыз. Бірақ та адамдардың өліміне себеп болып отырған - басқару жүйенің толық күйреуі, коррупция мен шенеуніктердің әрбір адам мен бюджеттің әрбір бабынан пайда көргісі келетін ашкөздігі мен жүйенің өз азаматтарының азасы мен тіпті, қазасына да немқұрайлы қарауы».

Тіпті, 11 наурызда Мәжілісте бұл дағдарысты саяси өзгерістерсіз, парламенттік республика принциптерін енгізусіз еңсеруге болмайтынын айтқан болатынмын.

Егер атқарушы билік саңырау болса, басқа әлемде өмір сүріп жатса, айналысқандары бюджетті жеу болса, онда мұндай орындаушыларды ауыстыру керек».