18
Қараша

"Ақ жол" Демократиялық партиясы Түркістан облысында өрт салдарынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл білдіреді

https://t.me/peruash/14409

Түркістан облысында өрт салдарынан қаза болған 12 адам туралы қаралы хабар қатты әсер етті. Қаралы хабардың ішінде 9 баланың қаза болуы бұл қасіретті одан сайын ауырлатты. Өте ауыр қайғы. Әсіресе кішкентай періштелерідің қаза болғаны – жүрек көтере алмайтын трагедия. Жұбататын сөз табу мүмкін емес. Иманды болсын.

Қайтыс болғандардың жаны жәннатта болсын. Қайғы жұтып отырған туыстарына, ата-аналарына сабыр мен күш-қуат тілейміз. Оларды осындай ауыр сәтте қолтықтарынан демеп, қолдан келгенше көмегімізді аямайық.

Бұл – орны толмас ауыр қайғы, бүкіл қоғамға ортақ.

Аман қалғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Қатты қайғыра отырып, ағайындарға амандық пен тыныштық тілейміз.