Бүгін партияның барлық облыстық филиалдарынан келген делегаттардың қатысуымен «Ақ жол» демократиялық партиясы жастар қанатының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған форумы өтті.
Форум барысында «Ақ жол» ҚДП жастар ұйымдарының өзара іс-қимылы», «Тәуелсіздік және "Алаш" ұлттық идеясы», «Жастар кәсіпкерлігі», және «Ақ жол» Демократиялық партиясы жас депутаттарының жергілікті мәслихаттардағы қызметі» тақырыптары бойынша секциялық отырыстар өтті.
Белгілі ғалым, «Ақ жол» ҚДП Ұлттық кеңесінің «Алаш» идеологиялық мұрасы жөніндегі хатшысы Сұлтанхан Аққұлы, IT-кәсіпкерлік бойынша тренер Ерсұлтан Джусакинов, «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Талғат Жәкібаев, партия орталық аппаратының жастар саясаты жөніндегі консультанты Ғазиза Тәжібаевалардың таныстырылымдары қызықты болды.
Секциялық жұмыстың қорытындысы бойынша форумның пленарлық отырысында Ханзат Насруллаев (Алматы), Әділхан Мұқанов (Қостанай), Гүлмайса Шанбаева (Маңғыстау), Нұрбол Сайыпов (Қызылорда), Айшырақ Төлеуова (Қарағанды), Әлішер Саматай (Ақтөбе), сондай-ақ басқа да форум делегаттары форумның пленарлық отырысында баяндама жасап, өз ұсыныстарын айтты.
Жиналғандар бүгін 24 жасқа толған Семей қалалық мәслихатының депутаты Анатолий Калинкинді құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Тәжірибе тұрғысынан алғанда, білікті депутатымыз Талғат Жәкібаевтың жұмысы ең жарқын әсер қалдырды, ол жас әріптестеріне жергілікті бюджетті бекіту және бақылау тәртібі, бюджетаралық қатынастар, мүмкіндіктер мен процедуралар, мәслихаттар депутаттарының бюджет қаражатын өз сайлаушыларының мүдделерiне бөлуге ықпал етуi туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның баяндамасының жүйелі, әдістемелік тұрғыдан дәлелденгені және нақты мысалдарға қанық болғаны сонша, мен жергілікті мәслихаттардағы барлық 220 депутатқа және «Ақ жол» партиясынан сайланған 13 ауыл әкіміне жергілікті бюджеттер бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындауды сұрадым.
Сондай-ақ, «Ақ жол» Алматы қалалық филиалының төрағасы, 27 жастағы кәсіпкер Олжас Нұралдиновпен және партиямыздан сайланған 26 жастағы Мәжіліс депутаты Ғани Хамзинмен болған пікіралмасулар да делегаттар үшін мазмұнды болды.
Форум қорытындысы бойынша «Ақ жол» ҚДП Ұлттық кеңесі жанынан партияның жастар ұйымдарының кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Жастар кеңесінің міндеті ҚДП филиалдары Жастар қанаттарының, сондай-ақ олармен жұмыс істейтін пікірсайыс клубтарының, волонтерлік қозғалыстардың, шығармашылық және спорттық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру болып табылады.
Кеңестің үйлестірушісі болып Ғазиза Тәжібаева тағайындалды, ал әр өңірден сайланатын кеңес мүшелерін партия филиалдары бір ай ішінде анықтауы керек.
Кеңестің жақын арада өткізетін іс-шарасы – жастар жобаларының байқауын өткізу, сонымен қатар «Ақ жол» ҚДП саяси бағдарламасын жүзеге асыру шаралары бойынша студенттік пікірталастарды ұйымдастыру болып бекітілді.Форум соңында делегаттар партияның парламенттік фракциясының мүшелері Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Мақсат Раманқұлов, Айгүл Жұмабаевамен еркін форматта тілдесе алды. Әйел делегаттар Дания Еспаеваға риза болып, одан үлгі алатындарын айты.
Форум барысында көптеген қызықты бастамалар айтылды, олар қорытындыланып, «Ақ жол» демпартиясы мен оның Жастар кеңесінің алдағы жұмысында пайдаланылады.