05
Қыркүйек

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы Тілдер мерекесіне белсене қатысты

5 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Семей қаласында өткен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік іс-шараға «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының белсенді мүшелері қатысып, студент жастарды мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, филиал жастар кеңесінің мүшесі, Д.Қалматаев атындағы жоғарғы медициналық колледжінің белсенді студенті Сәрсен Жанерке арнайы сөз сөйлеп, көпшілікті мерекемен құттықтап, тілдің ұлт болашағындағы орны мен маңызын атап өтті.

Бұл мереке – Қазақстан халқының бірлігі мен мәдени байлығының айғағы, тілдің ұрпақ сабақтастығын жалғап, елдің дамуына серпін беретінін көрсетеді.