6 қыркүйек 2025
жыл, Абай облыстық филиалы
Семей қаласында кезекті рет
жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – қаламыздың тазалығы
мен абаттандыру жұмыстарын жандандыру, тұрғындарға таза әрі жайлы орта
қалыптастыру.
Аталған сенбілікке «Ақ жол»
демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшелері де белсене қатысып,
өз үлестерін қосты. Партия белсенділері қаланың тазалығына атсалысып,
тұрғындарға үлгі көрсетті.
Мұндай игі іс-шаралар қоршаған
ортаны қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті арттыруға және тұрғындардың
ортақ жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.


