02
Қыркүйек

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жастар кеңесі қатарын жаңа мүшелер толықтырды

2 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жастар кеңесіне Шәкәрім университетінің белсенді студенттері Ертарғынова Ақбота мен Аскерова Жансая қабылданды.

Жаңа мүшелерді жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы арнайы құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жастар кеңесіне қосылған әрбір жас – қоғамның дамуына, әділеттілікті насихаттауға және демократиялық құндылықтарды нығайтуға үлес қосады. Бұл – жастардың белсенділігін арттырып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам.