15 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы жастар
кеңесінің қатарына Әлихан Бөкейхан университетінің белсенді студенті Мұратбек
Ұлпан қабылданды.
Жаңа мүшені жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы құттықтап, алдағы
қоғамдық істеріне табыс тіледі.
Жастар кеңесіне қосылған әрбір жас – қоғамның дамуына, әділеттілікті дәріптеуге және демократиялық құндылықтарды нығайтуға өз үлесін қосады. Бұл қадам жастардың белсенділігін арттырып, тың идеялар мен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жол ашады.