08
Қыркүйек

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жастар кеңесінің мүшелері Абайдың 180 жылдық мерейтойында марапатталды

8 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Бүгін ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өткен іс-шараларда белсенді атсалысып, волонтерлік қызмет көрсеткені үшін «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жастар кеңесінің мүшелері – Төлеуғазина Алинұр, Тұрымбекова Нұрай және Бекзатқызы Аружан Абай облысының әкімі Берік Уәлидің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Абай мерейтойы – халқымыздың рухани құндылықтарын ұлықтайтын ерекше тарихи сәт. Жастарымыздың осындай игі істерге белсене араласуы – ел ертеңіне деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жастардың еңбегін мақтан тұтады және болашақта да ізгілікке, білімге, отансүйгіштікке бағытталған бастамаларды қолдауға дайын.