20
Қыркүйек

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының белсенді мүшелері республикалық пікірсайыс турнирінде төреші болды

20 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Семей қаласында оқушылар арасында өткен республикалық пікірсайыс турнирінде «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының белсенді мүшелері төрешілік етіп, жас пікірсайысшылардың ой-өрісін дамытуға өз үлестерін қосты.

Пікірсайыс – жастардың сыни ойлау қабілетін жетілдіріп қана қоймай, өз ойын ашық жеткізуге, көпшілік алдында еркін сөйлеуге, қоғамдағы өзекті мәселелерді терең түсінуге тәрбиелейтін маңызды құрал. Осы орайда, партия мүшелерінің төрешілікке қатысуы – жастарға қолдау көрсетіп, әділ әрі сапалы бағалауға септігін тигізді.

Бұл бастама жас буынның азаматтық белсенділігін арттыруға, демократиялық құндылықтарды насихаттауға бағытталған қадам болып табылады.