22
Қазан

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының белсенді жастары Қазақстан Республикасының күніне арналған арнайы KazQuiz чемпионатына қатысуда!

22 қазан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Бұл ерекше интеллектуалды дода — жастардың ел тарихы мен мәдениетін терең тануына, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ патриоттық сезім мен командалық рухты нығайтуға бағытталған маңызды алаң.

Чемпионат барысында қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси, экономикалық және мәдени жетістіктері туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімін сынап қана қоймай, елдің даму жолына деген көзқарасын да ортаға салуда.

Шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын арттыру, ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азаматтар қатарын көбейту.

«Ақ жол» партиясының жастары — білімді, заманауи және ел тағдырына бейжай қарамайтын буын екенін тағы да дәлелдеп отыр!