2 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесі “Абай
QUIZ” республикалық ойынында еріктілік қызмет атқарды Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына
орай Абай облысы, Семей қаласындағы “Абай Арена” көпфункционалды мәдени-спорт
кешенінде республикалық деңгейдегі “Абай QUIZ” зияткерлік ойыны ұйымдастырылуда. Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен
келген 180-нен астам команда қатысып, Абай мұрасы мен қазақ мәдениетіне қатысты
білімдерін сарапқа салуда. Аталған
іс-шара барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының
жастар кеңесінің мүшелері еріктілік қызмет көрсетіп, қатысушылар мен
ұйымдастырушыларға ақпараттық-бағыттау, тіркеу, қатысу тәртібін реттеу және
іс-шараны үйлестіруде көмек көрсетті.
Бұл – жастар кеңесінің белсенділігі мен қоғам өміріне деген
жауапкершілігін айқындайтын елеулі үлес болды.


