23 шілде 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Қоғамдық сана мен жастардың жауапкершілігін арттыру мақсатында Қазақстан
халқы Ассамблеясының қолдауымен Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы
мемлекеттік филармонияда нашақорлық пен құмар ойындарға қарсы «Qutqar meni»
атты әлеуметтік-драмалық қойылым өтті.
Бұл өзекті мәселелерді көтерген қойылымға «Ақ жол» демократиялық
партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері арнайы
шақыртылып, іс-шараны ұйымдастыруға волонтер ретінде қолдау көрсетті. Жастар
залға келген көрермендерге бағыт-бағдар көрсетіп, тәртіп пен тәрбие шараларына
белсенді атсалысты.
Айта кету керек, бұған дейін де «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай
облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері тарапынан нашақорлықпен күреске
арналған акциялар мен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп келген. Бұл
жолы да жастар зиянды әдеттермен күрес жолында белсенділік танытып, қоғамға
пайдалы үлес қосты.
Қойылым барысында тәуелділіктің отбасы мен қоғамға тигізер теріс әсері
сахнада шынайы түрде көрсетіліп, көрермендердің жүрегіне ой салды. Жастардың
бұл бастамаға бейжай қарамай, жан-жақты үлес қосуы — «Ақ жол» партиясы ұстанған
белсенді азаматтық позицияның айқын көрінісі.
Салауатты ұрпақ — жарқын болашақ кепілі!
Әлеуметтік мәселелер – баршамызға ортақ жауапкершілік!