20 ақпан 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Журналистер мен жас кәсіпкерлер «Ақ жол» партиясының қатарына қосылды.
Қоғамның дамуына белсенді азаматтар үлес қосады. Осы орайда, Шымкент
қаласында «Ақ жол» демократиялық партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты.
Жас журналистер мен кәсіпкерлер партияның ұстанымдарына қолдау білдіріп, саяси
белсенділіктерін арттыруға ниет танытты.
Журналистер Самидин Аружан мен Байгөбек Қарлығаш партия қатарына қосылып,
елдің өркендеуіне ақпараттық тұрғыда үлес қосуды мақсат етіп отыр. Олар
өздерінің қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамайтынын және әділдік пен дамуды
қолдайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, жас кәсіпкерлер Алимбек Данияр мен Бурлибай Балауса да «Ақ
жол» партиясына мүше атанды. Кәсіпкерлік пен экономиканың дамуын қолдайтын
партия ұстанымдары олардың көзқарасымен үндесіп, елдің бизнес саласындағы
реформаларына белсенді араласуға мүмкіндік береді.
Салтанатты жиында «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының
орынбасары Әкімбай Әлінұр жаңа мүшелерді құттықтап, партия билеттерін
табыстады. Ол жас буынның саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымы елдің
болашағы үшін маңызды екенін айтты.