03
Қыркүйек

«Ақ жол» демократиялық партиясының қатары жаңа мүшемен толықты

3 қыркүйек 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

3 қыркүйек 2025 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы

“Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбайұлы бастаған “ақжолдықтар” Жаңаөзен қаласына барды.

Сапар барысында партия филиалына түскен өтініш бойынша өз-өзін ұсынып, бір мандаттық жүйе бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Өтешов Амангелді Төлегенұлы «Ақ жол» партиясының қатарына қосылды.

Филиал төрағасы Батыржан Қорғанбайұлы, партияның саяси тұғырнамасы мен бағыттарын түсіндіріп, партиялық билет табыстады. Сондай-ақ, жаңа мүше Амангелді Төлегенұлының кеудесіне партия белгісін тақты.

Айта кетейік, енді ол “Ақ жолдың” Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты болып табылады.

Аталған шараға “Ақ жолдың” Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Түкмағанбетұлы, Теңге ауылының әкімі Жалғас Агисов, Партияның Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғазиза Бақтиярқызы, партия белсендісі Бақытжан Жұмағалиұлы қатысты.

- «Бұл шешімді ойланып, толғанып, жүректен өткізіп барып қабылдадым. Өйткені, бұл – үлкен сенім әрі зор жауапкершілік. Біздің мүддеміз бір, мақсатымыз бір. Ол – елдегі тұрақтылықты сақтау, ауыл, аудан, қала, облыстағы мәселелердің шешілуіне атсалысу, сондай-ақ, партияның ұстанымдарын негізге ала отырып, жұмыс істеу. Бұл жолда бәріміз бір кісідей жұмылуымыз керек», - деді Амангелді Өтешов.