17
Мамыр

«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары ШҚО Катонқарағай ауданының тұрғындарымен кездесті

17 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

ҚР Парламенті Мәжілісінің «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының депутаттары Берік Дүйсембинов пен Айгүл Жұмабаева ШҚО-ға жұмыс сапары аясында Белқарағай ауылының тұрғындарымен, сондай-ақ Катонқарағай ауданының «Кaton Qaragai Resort & Spa» демалыс базасының жұмысшыларымен және демалушыларымен кездесу өткізді.

Депутаттармен кездесуге Белқарағай ауылында тұратын 400 тұрғынның 45-і қатысты.

Депутаттар ҚР Конституциясына енгізілген түзетулер үшін референдум мәселелерін қозғап, еліміздің Негізгі Заңына ұсынылған өзгерістердің әрбір тармағына егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Диалог барысында қозғалған мәселелердің ішінде - ақпараттың ашықтығы мен анықтығы; қандастардың тарихи отандағы өмірі, оның ішінде олар тұратын елді мекендердегі заңнама мен қоғамдық тәртіпті сақтауы талқыға түсті.

Бұдан басқа, аудан тұрғындары өңірдің күрделілігін және климаттық жағдайларды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес қажеттігін ескере отырып, қызметкердің еңбегі үшін жалақысын есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіш-аудандық коэффициентті төлеу мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, тұрғындар Катонқарағай ауылына аудан орталығы мәртебесін бере отырып, ауданы бойынша үлкен ауданды екіге бөлу; мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде жергілікті кәсіпорындарға артықшылық беру; әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету секілді мәселелерді шешуге тілек білдірді.

Шаруашылар үшін шабындық жерлер, сондай-ақ жайылымдық жерлердің тапшылығы мәселелері өте маңызды. Кездесуде айтылғандай, жер ең алдымен жергілікті тұрғындарға бөлінуі керек, сонымен қатар жерді қайтару механизмі қажет.

Сапар аясында Катонқарағай ауданында депутаттар «Qaton Qaragai Resort & Spa» демалыс базасының жұмысшыларымен және демалушыларымен кездесті, онда азаматтарды сауықтыру үшін панталы емшаралар және қымызбен емдеу ұсынылады.