Ашық әрі қызу форматта өткен жиында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат, партияның өңірлік филиал төрағасы Ермек Егінбаев ел болашағы мен өңір тынысын жақсартуға бағытталған сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырды.
Жиын барысында өндіріс орнының қызметкерлері тарапынан елдегі өнеркәсіпті
дамытуға қатысты өзекті сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, қатысушылар
Қазақстанда жаңа зауыттар мен фабрикаларды ашу бағытында қандай нақты шаралар
жүзеге асырылып жатқанын, сондай-ақ жергілікті тұрғындарды, әсіресе білікті
мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін қандай жағдайлар
жасалып жатқаны туралы сұрақтар қойылды.
Кездесу соңында «Алматинские краски» ЖШС еңбек ұжымы партияның сайлауалды
бағдарламасын толықтай қолдайтындарын білдіріп, алдағы саяси науқанда сәттілік
тіледі.