Атырау облысында ИВЛ-дарды сатып алу туралы іс бойынша тексеру басталды - деп хабарлайды zakon.kz
Соңғы кезде БАҚ-да Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының ИВЛ-дарды сатып алу мәселесі қарқынды талқылануда. Осыған байланысты облыстық прокуратура жүргізген мониторинг бойынша «Ақ жол» демократиялық партиясына «ОралМедРегион» ЖШС-нің директоры басқарманың лауызымды тұлғаларының әрекетіне шағым жасағаны анықталды.
Мысалы, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік сатып алулар шарты бойынша «ОралМедРегион» ЖШС-і республикалық бюджет қаражатынан 598 млн теңге қаржыға 45 дана ИВЛ-дарды сатып алуға шарт жасасқан. Бірақ келесі күні аталмыш компания мекен-жайына шарттың ары қарай орындаудың маңызы жоқ екеніне байланысты шартты біржақты бұзатыны туралы хат жолдайды. Мұндай хатты жолдауға Қаржы министрлігінен ИВЛ-дарды жергілікті бюджет қаражатынан сатып алу жоспарланғаны туралы түскен хат негіз болған, – деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.
Аталған оқиға бойынша Атырау облысының прокуратурасы басқарманың лауазымды тұлғаларына қатысты жинақталған материалдарды сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне тергеуге жіберді.