19 наурыз 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Партия лидері Азат Перуашев Астана қаласындағы №122 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Алдымен баршамызды бүгінгі сайлаумен құттықтаймын! Сайлаудан Әділетті Қазақстанды күтеміз. Менің ойымша, 20 жыл бойы мұндай ашық әрі ауқымды сайлау науқаны болмаған шығар. Президент Қ.Тоқаев айтқандай осы реформалар арқылы өзгерістердің жаңа бір толқыны болайын деп тұр. Егер біздің қоғам мен мемлекет бұл қарқынды бәсеңдетпей, ашық диалогты жалғастыра берсе, онда шынымен де біздің өміріміз жақсарады, Сонымен қатар бұл қадамдар әділдікке бағытталған өзгерістердің басы болмақ», - деді Азат Перуашев
Еске салайық, осы сайлауға "Ақ жол" партиясынан ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихаттар депутаттығына 700-ден астам үміткер түсіп жатыр.