Азат Перуашев:
- «Ақ жол» Демократиялық партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен тиісті облыстарда карантинді ұзарту туралы шешімді дұрыс деп санайды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесінде келтірген дәлелдері коронавирустың беті қайтпағанын және таралуының да жоғары қаупі сақталып тұрғанын көрсетеді. Мұндай жағдайда мемлекет Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы» саналатын азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында осындай шешім қабылдауға мәжбүр.
Тіпті, осындай төтенше жағдайда да, Мемлекет басшысының өндірісі тоқтап, үлкен шығынға ұшыраған шағын және орта бизнестің жұмысын қайта бастау үшін мүмкіндіктер табатындығы бәрінен маңызды. Ия, әзірге жалпы шағын және орта бизнес туралы емес, тек өз қызметкерлерінің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ете алатындар туралы сөз болуда. Бұл басымдық түсінікті және үкімет пен әкімдерге тапсырмалар беру сатысында әлбетте сауал тудырмайды. Тәжірибе көрсеткендей, Президенттің тіпті өте маңызды тапсырмаларын орындау объективті және субъективті сипаттағы көптеген кедергілерге тап болуда. «Ақ жол» Демократиялық партиясының осы жылғы 5 сәуірдегі мәлімдемесінде біз әлеуметтік жәрдемақыларды алу және шұғыл мұқтаж азаматтарға өнім беру кезінде бірнеше рет орын алған кемшіліктерге, мемлекеттік қызметтер мен қашықтан оқыту саласындағы цифрландыру бағдарламасының орындалмауы, өкілетті органдардың қаржы секторындағы, шағын және орта бизнес пен жұмыспен қамтудың нақты қиындықтарын түсінбеуі сынды мәселелерге назар аудардық. Жергілікті жерлерден түскен ақпараттарға сәйкес, Президент бөлген миллиардтарға қарамастан, шаруа қожалықтары әлі күнге дейін егін егу үшін берілетін субсидияларын ала алмай жүрсе, ал, кейбір аудан әкішіліктері арзандатылған жанармай туралы естімеген де.
Біз бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаев қоғамда қалыптасқан жағдайды көріп, естіп отырғанына куә болдық және оның қазіргі жағдайға берген бағасымен толық келісеміз.
Шағын және орта бизнестің қызметін жалғастыруы олардың табыс табуымен ғана емес, олар үшін бір жұтым тазау ауамен бірдей болып отыр. Мыңдаған біздің кәсіпкерлер өздерінің төлемдік қабілеттерін арттырып, олардың еркінен тыс пайда болған берешектерді жоюға мүмкіндік алады. Бұл сонымен қатар, ел тұрғындарына қажетті тауарларды шығару, жеткізу, импортқа тәуелділік пен кейбір тауарларға деген дефицитті төмендету мүмкіндігі. Ал, ең бірінші кезекте – шағын және орта бизнес саласындағы ақысыз еңбек демалысына жіберілген көптеген қызметкерлердің жұмыс орындарына оралуы, отбасыларының табысы, сондай-ақ әлеуметтік төлем алатындар санының азаюы.
Бұл тақырыпты жетілдіру мақсатында Қаржы нарығын реттеу Агенттігіне екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, шығынға ұшыраған азаматтардың, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несие төлемдерін толық шегеру жолдарын әзірлеу қажет деп ойлаймын. Бұрын қабылданған шешімдерде төлемдерді шегеру несие алушылардың табысы қаралатын кезде кірісі ешқайда «ауыстырылмай», кірістің түспегені ескерілмеген. Әрине, мұндай шешімді мемлекеттің қатысуынсыз қабылдау мүмкін емес, дегенмен біз оны шешу жолдарын табуға міндеттіміз.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет пен әкімдерден шұғыл түрде өз қызметкерлеріне қауіпсіздік режимін қамтамасыз ете алатын кәсіпорындар тізімін әзірлеуді, олардың жұмыс тәртібін белгілеуді, қызметкерлердің жұмысқа жеткізілуі мен карантиндік аумақта өздері шығаратын өнімдердің жеткізілуі тәртібін қамтамасыз етуді сұрайды. Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі сөзінде айтқан және жұртшылықтан түсіп жатқан олқылықтарды тез арада жоюды сұраймыз.
Ағымдағы жылдың 5 сәуіріндегі мәлімдемеде айтылғандай, қазіргі дағдарыстан кейін мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін талдау, анықталған қателіктерді жою, заңнаманы және мемлекеттік басқаруды жаңа заманның талаптарына сай жаңарту үшін көп жұмыс жасау өте маңызды деп санаймыз.
Президентке елдің тамырын тап басып, қолдағаны үшін мыңдаған кәсіпкерлерден-алғыс!