28 шілде 2020 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» Демократиялық партиясының депутаттары денсаулық сақтау министрлігінен «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке дәріханалармен жұмыс істеуін және өңірлер мен шағын қалаларға дәрі-дәрмектерді жабдықтауын ұйымдастыруды міндеттеуді талап етті. Азат Перуашев министр Алексей Цойдың атына тиісті хат жолдады.
«Қоғамда дәріханаларда керекті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне байланысты орынды ашулы сөздер айтылуда. Мемлекет басшысының негізді сынынан кейін және «СК-Фармация» басшылығы ауыстырылған соң осы бағытта ахуал біртіндеп қалпына келуде. Дегенмен де өңірлерде, әсіресе жеке дәріханалар мен ауруханаларды дәрі-дәрмектермен жабдықтауда проблемалар сақталуда» делінген хатта.
«Ақ жол» депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары барысында тұрғындармен, медициналық және фармокологиялық мекемелердің қызметкерлерімен кездесулер өткізілуде. Сапарлар барысында тұрғындар дәріханалардың дәрі-дәрмектермен жабдықталуының нашарлығын айтуда. Дәріханалардыі кіре берісінде: «Парацетомол, аспирин, лидокаин, цефазолин, аскорбин қышқылы (және т.б.) – ЖОҚ» деген жазулар ілінген.
«Жеке дәріханалардың басшылары «СК-Фармация» тек қана мемлекеттік мекемелерді жабдықтайтыны туралы мәлімдемелерінен кейін, әсіресе өте мұқтаж дәрі-дәрмектердің қоймаларда толып тұрғаны туралы хабарларды естіп, олардың белгісіз себептермен дәріханаларға түспейтіні және адамдарға, өңірлер мен шағын қалаларға жетпейтініне ашулы. Дәріханалар сұранысты қанағаттандыру үшін керекті емдік дәрі-дәрмектерді кез-келген жабдықтаушыдан сатып алуға дайын екендерін айтады» - дейді Азат Перуашев өзінің хатында.
Сонымен бірге, «Ақжолдықтар» аурухана пациенттері, оның ішінде өкпенің қабынуымен түскендер тегін медициналық көмек көрсету көлемі барлық дәрілердің шығынын жаба алмайтынына, олардың дәрі-дәрмектің жартысын өздері сатып алатынына шағымдануда. Табыс деңгейінің төмендеуімен және дәрі-дәрмектер бағасының өсуіне байланысты осы шығындарды көптеген азаматтардың жабуға мүмкіндіктері жоқ.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары қалаларға және аудан орталықтарына тағайындалмаған дәрілер үшін келеді, ал дәріханалар болса дәрігер рецептісіз оларға сатпайды. Қалалық ауруханаларда ауылдықтарды қабылдамайды, тиісінше дәрігерлік емдеу және дәрі-дәрмектер тағайындамайды. Тұйық шеңбер. Олар біздің азаматтарымыз және олардың өмірі мен денсаулықтары Конституциямен басты құндылықтар деп анықталған, олардың денсаулықтарын қорғауға мемлекеттік органдар жауап беруі тиіс.
Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясының депутаттары:
1) «СК-Фармация» ЖШС-ін мемлекеттік мекемелерден тыс жеке дәріханалар мен ауруханаларды (ақылы негізде) олардың сұраныстарына қарай дәрі-дәрмектермен жабдықтауды міндеттеуді;
«Ақ жол» Демократиялық партиясы мен оның парламенттік фракциясы өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда