Төтенше жағдай енгізілуіне және Президент Қ.Тоқаевтың бүгінгі үндеуіне байланысты "Ақ жол" демократиялық партиясы аймақтар мен орталықта жоспарланған көпшілік қатысатын барлық шараларын (конференциялар, дөңгелек үстелдер және т.б) төтенше жағдай мерзімі біткенше тоқтатады.
Біз сондай-ақ COVID-19 коронавирусының таралуына қарсы мемлекет қабылдаған шараларды қолдаймыз және азаматтарымызды үкіметтің жұқпаның одан әрі таралмауына байланысты ескерткен нұсқауын қатаң сақтауға шақырамыз.
Адамзат, оның ішінде біздің халық осынау сынақты сөзсіз жеңіп шығады. Оған күмән жоқ!
Өзіңізді, жақындарыңызды аялаңыздар!