18
Наурыз

"Ақ жол" демпартиясы 15 кәсіпкерді түрмеден құтқарып қалды

https://t.me/peruash/11056

Бір апта бұрын Михаил Козачковтың telegram арнасындағы жарияланымнан кейін "Ақ жол" фракциясы "Қазтеміртранс" АҚ вагондарын беру кезінде бопсалауға тап болып, сол туралы Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне хабарлаған 15 кәсіпкерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңсыздығы туралы депутаттық сауал жолдаған болатын (https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/kspkerler-azholdan-trmeden-tarud-srad). Барлық жағдайларға қарамастан, көлік прокуратурасы кәсіпкерлерді 3 жылдан 8 жылға дейін қамауды талап етіп, сол айыптаумен іс сотқа түсіп қаралған еді.

"Ақ жол" фракциясының депсауалынан кейін сот нағыз жемқорларды - "Қазтеміртранс" АҚ қызметкерлерін жауапкершілікке тартты.

Шағын және орта бизнестің 15 өкілі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Әріптестерді құттықтаймыз.