13
Қараша

"Ақ жол" демпартиясы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына поло ойынын қосуды ұсынды

https://t.me/peruash/12273

«Ақ жол» фракциясының депутаты Қазыбек Иса спорт мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау барысында ұлттық спорт түрлерінен дайындықты сынға алып, солтүстік аймақтарда көкпар және басқа да ат спорты түрлеріне арналған арзан манеждерді салу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, ол полоны Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енгізуді ұсынды.

 Бұл ойын Шығыста пайда болған, бүгінде дамыған батыс елдерінде кеңінен тараған (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және т.б.), аристократтық ойын саналғанымен, Олимпиада бағдарламасына енбеген. Поло (ат үстіндегі жаздық хоккей) ат жарыстарының рухына сай келетіндіктен, Көшпенділер ойындарынан лайықты орнын табар еді.

Одан бөлек, "ақжолдықтардың" ойынша, Поло ойынын Көшпенділер ойындарына қосу экзотикаға ғана емес, өздеріне таныс ойынға деген ынтазарлықтан дамыған батыс елдерінің назарын аударады; бұл ойындарға батыстың кәсіби клубтары мен құрамалары тартылар еді.

Ал сіздер қалай ойлайсыздар?