26
Шілде

«Ақ жол» Демпартиясы Ұлытау облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды

26 шілде 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Ұлытауда «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық конференциясы өтті.

Конференцияға «Ақ жол» Демпартиясы төрағасының орынбасары Серік Ерубаев пен партияның Ұлттық кеңесінің хатшысы Берік Дүйсембинов, жергілікті филиал делегаттары қатысты.


Конференция аясында филиал басшысы Мұсабек Төлегенов аумақтық сайлау комиссиясына сайлануына байланысты өкілеттігінің тоқтатылғаны туралы айтып, Ақылбек Амановтың кандидатурасын ұсынды.

Жәйрем кентінің делегаты Азамат Ахметов тағы бір кандидат Батырхан Оспановты таныстырды.

Кандидатураларды талқылағаннан кейін дауыс беру қорытындысы бойынша Ақылбек Аманов 20 дауыс, Батырхан Оспанов 9 дауыс жинады.

Нәтижесінде «Ақ жол» Демпартиясының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы болып Ақылбек Аманов сайланды.

Аманов Ақылбек Түсіпұлы Ауғанстандағы соғыс ардагерлері бірлестігінің төрағасы, Жезқазған көпсалалы колледжінің басшысы, «Ақ жол» Демпартиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, облыстық мәслихаттың құрылыс және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.