22 желтоқсан, 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» демпартиясы Орталық кеңсесінде партияның Ұлттық кеңесінің Пленумы өтті. Пленум жұмысына Ұлттық кеңестің мүшелері, облыстық филиалдардың жетекшілері мен «Ақ жол» демпартиясының барлық деңгейдегі депутаттары қатысты.
Пленум партияның 2023 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы бақылау-тексеру комиссиясының есебін (баяндамашы – комиссия төрағасы Болат Өтепбаев), сондай-ақ Мәжілістегі атқарылған жұмыс туралы фракцияның есебін мақұлдады (баяндамашы – Ұлттық кеңестің хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясы аппаратының жетекшісі, Мәжілістің VI-VII шақырылымдарының депутаты Берік Дүйсембинов).
Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардың үздік депутаттары «Ақ жол» демпартиясының «Алаш елінің үздік депутаты» төсбелгілерімен марапатталды.
Олардың қатарында:
Даурен Ахметжаев – Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты;
Ержан Хасанов – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
депутаты;
Александра Сергазинова – депутат Костанайского областного
маслихата;
Бекзат Дайрабайұлы – Ұлытау облыстық мәслихатының
депутаты;
Қанат Ибраев – Астана қалалық мәслихатының депутаты;
Дулат Тастекеев – Алматы қалалық мәслихатының депутаты;
Мұхтар Шимиров – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты;
Жәнібек Құсманов – Степногорск қалалық мәслихатының
депутаты (Ақмола облысы);
Айткен Ахметбеков – Қарағанды қалалық мәслихатының
депутаты;
Жалғас Агисов – Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты
(Маңғыстау);
Ләззат Жалмұқанова – Петропавл қалалық мәслихатының
депутаты (Солтүстік Қазақстан облысы);
Баубек Жайықов – Алға аудандық мәслихатының депутаты
(Ақтөбе облысы);
Олжас Ботабеков – Іле аудандық мәслихатының депутаты
(Алматы облысы);
Азамат Раимбеков – Сарқан аудандық мәчлахитының депутаты (Жетісу);
Асылбек Өмірзақ – Жылыой аудандық мәслихатының депутаты
(Атырау облысы);
Марат Қарақанов – Жарма аудандық мәслихатының депутаты
(Абай облысы);
Жанна Сакетаева – Тарбағатай аудандық мәслихатының
депутаты (Шығыс Қазақстан облысы);
Дәулет Қанатбай- Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты
(Қызылорда облысы);
Рүстем Смағұлов – Павлодар аудандық мәслихатының депутаты
(Павлодар облысы);
Болат Жамашов – Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты
(Түркістан облысы).
Пленум қатысушылары, сондай-ақ, 2024 жылға арналған жұмыс
жоспарын да талқылады.