Бүгін өткен «Ақ жол» демпартиясы Ұлттық кеңесінің пленумы 7-шақырылымдағы Мәжіліс депутаты мандатын «Ақ жол» ҚДП Павлодар облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Фуат Сатыбаевқа қайта бөлу туралы шешім қабылдады.
Бұл ротация бұрын өз еркімен кеткен депутат Андрей Линниктің орнына жасалды.
Сатыбаев Фуат Сайдахметұлы, 1965 жылы туған, «Жаңа Роса» компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы және «Мойылды» шипажайының бас директоры, Павлодар облыстық мәслихатындағы «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі.
Білімі бойынша дәрігер, әр жылдары «Ақмолатурист» өндірістік бірлестігінде, «Мейірім» сақтандыру компаниясында, Талдықорған, Семей облыстарындағы ауруханаларда қызмет атқарған. «Денсаулық сақтау саласының құрметті қызметкері» атағы бар.
Мәжіліс депутатының мандатын беру туралы шешім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында тіркелуге жатады.