10
Мамыр

«Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбайұлы "MunaiFieldService" ЖШС қызметкерлерін марапаттады

10 мамыр 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Бүгін Жаңаөзен қаласында «Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан Қорғанбайұлы «MunaiFieldService» ЖШС-не барып, серіктестік қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты жиынға «MunaiFieldService» ЖШС бас директоры, «Ақ жолдың» Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Нұрлан Белшер, Партияның облыстық Кеңесінің мүшесі Бекзат Оразов және «MunaiFieldService» ЖШС ұжымы қатысты.

Филиал төрағасы Батыржан Қорғанбаев ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және Қазақстан экономикасының қалыптасуына қосқан үлесі үшін серіктестіктің Көлік және логистика жөніндегі атқарушы директоры Арман Асембаевқа және Әлеуметтік бөлім бастығы Сәнбибі Кулгараеваға «Ақ жол» партиясы атынан «Еңбегім еліме» құрмет белгісін табыстады.