19 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» демпартиясының сауалынан кейін
компания директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Ақ жол» демпартиясына «АВМ Fаctory»
копманиясы жұмысшыларынан ұжымдық үндеу келіп түскен. Үндеуде белгілі
болғандай, өнеркәсіп 2023 жылдың қазан айынан бастап өз қызметкерлеріне жалақы
төлемеген. Ұжымның жергілікті прокуратура мен еңбек инспекциясына жасаған
бірқатар арызынан нәтиже шықпаған. Ал мемлекеттік органдар еңбек шартының
болмауына байланысты мәселені шешуден бас тартқан.
Жұмысшылардың айтуынша, жұмыс беруші
кәсіпорынды қайта құрып, атауын өзгертеді де, содан соң қызметкерлерге еңбек
шартының көшірмелерін беруден бас тарады.
Осыған байланысты «Ақ жол»
демпартиясының фракциясы еңбек ұжымының уәжін зерделеп, тиісті шара қолдану
жөнінде Алматы облысының прокуратурасына жүгінді.
Алматы облысының прокуратурасынан келген
жауапта жұмысшылардың үндеуінде айтылған уәждің расталғаны хабарланды. Осыған
байланысты Алматы облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасына заң бұзуды жою
туралы ұсыныс енгізіліп, «АВМ Fаctory» ЖШС директоры Әкімшілік кодекстің
87-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы облысының прокуратурасы «АВМ
Fаctory» ЖШС жұмысшыларының еңбекақысы бойынша берешекті өтеуді бақылауға
алатынын атап өтті.