19 қазан 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» демпартиясы ҚҚС көтеруге қарсы шығып, осы мәселе бойынша парламенттік тыңдау өткізуді талап етті - бұл туралы бүгін демпартияның орталық аппаратында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың, Қаржы, сауда және интеграция, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері, Мемлекеттік кірістер комитеті, басқа да мемлекеттік органдар басшылары мен және бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Азат Перуашев мәлім етті.
ҚҚС-ты 12-ден
16%-ға көтерудің негіздемесі жөнінде Ұлттық экономика вице-министрі Азамат
Амрин баяндама жасады. Сондай-ақ, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер
комитеті, Индустрия министрлігі, «Атамекен» ҰКП, бизнес-қауымдастық өкілдері
мен кәсіпкерлердің пікірлері тыңдалды.
Сонымен қатар, «Зенит» зауытының өкілі Вячеслав Валиев (Орал), Дмитрий Васильев (ҚР Ұлттық индустриалды палатасы), Жеңіс Жанбулатова (ҰКП), Анара Мақашева (Автомобиль одағы), агроөндіруші Өзенбаев (Павлодар), Евгений Кинцель (Солтүстік Қазақстан заңгерлік палатасының төрағасы) өз пікірлерін білдірді.Қазақстан Заң палатасы), Абылай Нақысқожа (Құрылысшылар қауымдастығы), Салық кеңесшілері қауымдастығының төрағасы Сәкен Қарин, жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрағасы Наталья Артықбаева, Ерқанат Мақанов (машинажасаушылар одағы) және т.б. өз ойларын ортаға салды.
Талқылау барысында негізгі тақырыптан бөлек, бизнес тарапынан салық органдарына қатысты бірқатар нақты шағымдар айтылды, олар бойынша «Ақ жол» демпартиясының атынан Ұлттық экономика министрлігіне, Қаржы министрлігіне және Мемлекеттік кірістер комитетіне өтініштер дайындауға келістік.
Талқылауды
қорытындылай келе партия төрағасы Азат Перуашев «Ақ жол» демпартиясы
мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің уәждерін ескере отырып, ҚҚС-тың
жарияланған ұлғаюына қарсы екенін және осы мәселе бойынша Парламенттік тыңдау
өткізуді талап ететінін мәлімдеді.
А.Перуашевтың
айтуынша, Ұлттық экономика министрлігі ұсынып отырған тәсіл салықтың баға өсімі
инфляциясын ескермейді, инвестициялық ахуалды нашарлатып, жасырын
айла-шарғыларды анықтап, көлеңкелі экономиканы қысқартудың орнына, керісінше,
адал кәсіпкерлерге қысымды арттырып, оларды көлеңкелі іспен айналысуға
итермелейді.
Сонымен қатар,
аталған тәсілдер Мемлекет басшысының сараланған салықтарды енгізу туралы
тікелей тапсырмасына қайшы келеді.
Атап өту керек,
«Ақ жол» демпартиясы ЭСДҰ елдері мен ЕуроОдақ үлгісінде 2011 жылдан бері
сараланған салықтарды енгізуді талап етіп келеді.