31 мамыр 2025 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Алашқа тағзым» дәстүрлі шарасын өткізді.
Шараға «Ақ жол» лидері Азат Перуашев, Парламенті Мәжілісі депутаттары Серік Ерубаев, Ержан Бейсенбаев, “Ақ жол” фракциясының аппарат жетекшісі Берік Дүйсембинов, “Ақ жол” партиясының аппарат жетекшісі Асылхан Қожахметов, Астана қаласы маслихат депутаты Асқар Смағұлов пен жергілікті мәслихаттардағы партия атынан сайланған депутаттар, Қарағанды облысы мен қаласы мәслихаттарының депутаттары, партия белсенділері қатысты.
«Ақжолдықтар» алдымен "Алжир" қасірет мемориалына барып, зұлмат пен зобалаң құрбандарының рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды.
Одан кейін, «Ашаршылық құрбандары» ескерткіші алдында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Сондай-ақ, «Алашқа тағзым» дәстүрлі шарасы Алматы, Талдықорған, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Абай, Маңғыстау, Ақмола облыстарында да өтті.




