23
Ақпан

«Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалы көпбалалы аналарға кездесу ұйымдастырды

23 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол» ҚДП-ның Жамбыл облыстық филиалының арнайы шақыртуымен Алматы қаласынан коучтренерлер, республикалық «Игілік» журналының бас редакторы Меруерт Айтенов мен Орта Азия психология Академиясының мүшесі, психолог, нумеролог Майра Садуақасова Тараз қаласына келіп, филиал кеңсесінде көпбалалы аналармен кездесу өткізді


Партия филиалы көпбалалы ана, ардагер ұстаз, өнегелі ұл-қыздар тәрбиелеп өсіріп, немере, шөбере сүйіп отырған Қуан Түлепбергенова мен медицина саласында талмай еңбек етіп келе жатқан үлгілі маман, отбасының ұйытқысы, аяулы ана Айсара Сыдыманованы марапатқа ұсынған болатын.


Кездесуде «Игілік» журналының бас редакторы Меруерт Айтенова аналарды «Құрмет иесі» медалімен марапаттады.

Жалпы бұл кездесу қоғамдағы әйел-ана, қыз балаға қатысты проблемалар бойынша мотивациялық тренинг өткізу, психологиялық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.