20 маусым 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
Бүгін «Ақ жол» демпартиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан
Қорғанбаев теңізге батып бара жатқан жасөспірімді құтқарған Рамазан Зұлқашев
пен Абзал Жалғасбаевты партия Кеңесінің атынан “Адам құтқарғаны үшін” медалімен
марапаттап, арнайы сыйлық табыстады.
Филиал төрағасы Батыржан Қорғанбаев қос азаматты қабылдап, қиын жағдайда
ерлік көрсетіп, адам өміріне араша түскендері үшін алғысын айтты. Сондай-ақ осындай
қарапайым адамдардың ерлігі көпке үлгі екендігінде тілге тиек етті.
Еске салайық 29 мамырда Ақтау қаласы, 7а ш/а теңіз жағасында жасөспірім
теңізге батып бара жатқан сәті әлеуметтік желіде таралған болатын. Жанындағы
досының көмекке шақырған дауысын ести сала Рамазан мен Абзал көмекке жүгінген.
Қос азамат алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігерлер мен құтқарушыларды
шақырған. Осылайша олар баланы өлімнен арашалап қалды.