04
Наурыз

“Ақ жол” демпартиясының Абай облыстық филиалы жастармен белсенді жұмысын жалғастыруда!

4 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы және оның командасы іссапармен Ұржар, Аягөз, Мақаншы аудандарында болып, “Сапа” жобасы аясында маңызды кездесулер өткізді.

Басты мақсат – саналы, саяси белсенді азаматтарды қалыптастыру, олардың қоғамдағы рөлін арттырып, ел болашағына бей-жай қарамайтын жастар қатарын көбейту.

Кездесулер барысында қоғамдық белсенділікке арналған тренингтер мен пікірталастар ұйымдастырылып, жастарға лидерлік қасиеттерін дамыту, саяси мәдениетті қалыптастыру және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласу жолдары түсіндірілді.

Осы бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, жас буынның саяси сауатын арттыруға септігін тигізбек! Белсенді бол! Болашақ – біздің қолымызда!