21
Ақпан

"Ақ жол" демпартиясының Астана қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясы өтті

21 ақпан 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

Астанада "Ақ жол" ҚДП Астана қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференция барысында филиалдың есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, төраға сайлауы өтті.

Конференция жұмысына ҚДП Ұлттық кеңесінің хатшысы, Орталық аппарат басшысы Қожахметов Асылхан Төлеббергенұлы қатысты.

Есептік баяндама жасаған Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы филиалдың негізгі жетістіктерін, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракцияның қызметін және кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік қорғау мен заңнамалық реформалар бойынша бастамаларды баяндады.

2023–2025 жылдар аралығындағы филиал жұмысының негізгі нәтижелері:

Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылымына «Ақ жол» партиясынан үш депутат сайланды:

1. Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

2. Ибраев Қанат Сұлтанұлы – құрылыс және ТКШ жөніндегі комиссия құрамында.

3. Күлмағамбетова Жанаргүл Жұмабайқызы – бюджет және экономика жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары.

Маңызды бастамалар енгізілді:

Отандық өндірушілерді қолдау.

Бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету.

Елорданың қауіпсіздігіне арналған жаңа келісімшарт әзірлеу.

Елорда мектептерін жаңарту.

Тұрғын үй кешендерінің орнына мектептер мен балабақшалар салу.

ТКШ, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік және жұмыспен қамту мәселелері бойынша 67 депутаттық сұраныс жолданды.

Әкімдік, «Атамекен» ҰКП және бизнес өкілдерінің қатысуымен 3 дөңгелек үстел және 5 ірі іс-шара өткізілді.

ҰОС ардагерлеріне, балалар үйлеріне және әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Конференция барысында Астана қалалық филиалының төрағасы лауазымына Смағұлов Асқар Сайлаубекұлы кандидатурасы ұсынылып, ол бірауыздан қайта сайланды.

Жиын партиялық жұмыстың өзекті мәселелері мен алдағы жоспарларды талқылаумен аяқталды. Астана қалалық филиалы ҚДП кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау, экономиканы дамыту және азаматтардың өмір сапасын жақсарту бағытындағы белсенді қызметін жалғастырады.