02
Сәуір

«Ақ жол» демпартиясының Атырау облыстық филиал мүшелері Қызылқоғалықтарға көмегін жөнелтті

2 сәуір 2024 жыл, «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалы

Су басу қауіпі бар өңірлердегі тасқынға қарсы күрес әлі бәсеңдеген жоқ. Кеше түнде Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосында төтенше жағдай жарияланып, халық эвакуацияланды. Үш жерде пункттер ашылып, барлық балалар мен аналар, әйелдер, I, II, III топтағы мүгедектер жинақталды.

Кешеден бастап оларға қажетті бірінші кезектегі азық-түліктер, гигиеналық заттар, киім-кешектер жеткізілуде.

Бүгін қалалық мәслихат депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының мүшесі Әжіғалиев Бауыржан Өтепқалиұлы Қызылқоғалықтарға 200 мың теңгенің көмегін жөнелтті. Онда күректер, қапшықтар, азық-түлік т.б. қажетті заттар бар.

Көмек беру жалғасады.