19 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» демпартиясы баланы қорғау
бойынша жасаған сауалынан кейін Бас прокуратура қылмыстық іс бойынша тергеуді
қайта бастады.
Сегіз жасар ІІ топ мүгедектігі бар
баланы тәрбиелеп отырған Павлодар қаласының тұрғыны құқық қорғау органдарының
әрекетсіздігіне байланысты «Ақ жол» демпартиясына жүгінген болатын.
Өтініште айтылғандай, 2023 жылдың 21
тамызында Павлодар қаласындағы «Детки конфетки» жеке логопедиялық орталығында
белгісіз жағдайда баланың ығысусыз сол жақ шынтақ сүйегі сынып кеткен.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында
«Детки конфетки» орталығының директоры өзінің аудио хабарламасында болған жайт
туралы болжамын айтып, «оның үстінен басқа бала құлаған болуы мүмкін» деп
түсіндіреді.
Мұндай уәжбен келіспеген ана «балалардың
өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді
тиісінше орындамағаны туралы» арызбен және «денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян
келтіргенін» растайтын сот-медициналық сараптама қорытындысымен құқық қорғау
органдарына жүгінеді. Алайда, төрт айлық сотқа дейінгі тергеп-тексеруден кейін
тәртіп сақшылары арызданушыны ескертпестен, «қылмыс құрамының жоқтығы себепті»
қылмыстық істі тоқтатқан.
Осыған байланысты «Ақ жол»
демпартиясының фракциясы жағдайды тексеруді сұрап, ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР
Ішкі істер министрлігіне жүгінді.
Алынған жауаптан белгілі болғандай,
Павлодар қалалық прокуратурасы тергеуді тоқтату туралы қаулының күшін жойып,
Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаментіне осы істің
барлық мән-жайын толық тексеруді қамтамасыз етуді тапсырды.