19
Маусым

«Ақ жол» демпартиясының делегациясы Бейжіңде өткен «Қытай – Орталық Азия» саяси партиялар диалогының бірінші отырысына қатысты

19 маусым 2023 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

2023 жылғы 10-17 маусым аралығында Қытайда «Қытай – Орталық Азия» саяси партиялар диалогы өтті. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның саяси партиялары қатысты.

Қазақстандық делегацияның құрамына Парламенттегі 6 партияның өкілдері кірді. «Ақ жол» партиясынан Ұлттық кеңестің хатшысы Берік Дүйсембинов пен халықаралық бөлімнің директоры Әсем Аққожа қатысты.

Сапар 2021 жылы ашылған Бейжіңдегі Қытай коммунистік партиясының мұражайына барудан басталды. Бұл ҚКП-ның құрылғанына 100 жыл толуына орай бұл мұражайда Қытай халқының осы кезеңдегі барлық жетістіктерін көрсетілген.


Сапардың ресми бөлігі Орталық Азия елдері делегациялары жетекшілерінің Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің басшылығымен кездесуінен басталды. 

12 маусымда саяси партиялардың Диалогы өтті, онда қатысушылар қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстандық делегация түрлі салалардағы екіжақты әріптестікті жандандыру бойынша нақты ұсыныстар жасады.

Форумға қатысушылар Бейжіңнен бөлек, Қытайдың шығыс бөлігінде орналасқан Аньхой (2020 жылғы халық санағы бойынша 61 миллион адам тұрады) провинциясында болып қайтты. Делегация мүшелері осы провинцияның екі қаласын аралады (провинцияның орталығы – Хэфэй қаласы және Бочжоу қаласы).

Аймақ экономикасының негізгі салалары – автомобиль өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, дәрі-дәрмек, азық-түлік, логистика, энергетика, қаржылық қызмет көрсету. Диалогқа қатысушылар сапарын Аньхой провинциясының басшылығымен кездесуден бастады.

Делегация мүшелері JAC/NIO автозауытында болып, автомобильдер желісімен, оның ішінде электромобильдермен танысты. 

Сондай-ақ, туберкулезге қарсы препараттар мен вирусқа қарсы вакциналарды зерттеумен және шығарумен айналысатын ZFSW био-фармацевтикалық компаниясына да барып шықты.

Сонымен қатар, қатысушылар iFlyTek компаниясының да жұмысымен танысты. Бұл жасанды интеллект, сөйлеуді тану және синтездеу, дауыс көмекшілері саласында маманданған компания. Дыбыстық жүйелер, виртуалды шындық және бұлттық есептеулер саласындағы ең ірі қытайлық компаниялардың бірі.

Бочжоу қаласында қатысушылар Чунке Чжихуй ауылшаруашылық демонстрациялық саябағын, Қытай медицинасы дәрі-дәрмек нарығының базарын, Цзи Жень фармацевтикалық компаниясын және Гу Цзин қытайлық арақ және тұнба шығару корпорациясын аралады.

Сапар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар осы Диалог аясында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді