29
Наурыз

«Ақ жол» демпартиясының депутаттары Бекзат Дайрабайұлы және Мархат Хамит су арналарының жағалауларын көріп, ел- жұртпен сөйлесіп, қандай кедергілер болып жатқанын көрү үшін рейд жасап шықты

29 наурыз 2024 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ұлытау облыстық филиалы

Бүгінгі бір тәулікте Кеңгір су қоймасына келген су мөлшері, өмірі болмаған жылдамдықпен толды.

Су қоймасы 315 млн. метр куб мөлшері толығымен толып, артық суды платина арқылы Кеңгірдің төменгі ағысына қарай жіберу басталды.

Жергілікті билік мамандары төтенше жағдай алдын алу штабын құрып, қолдарынан келгенінше жан-жақты іс-шаралар жасап жатыр. Кешегі күні, облыс бойынша су астында қалған бірнеше үйлер мен шаруа қожалықтарына көмек көрсетіп, көпірлер мен тоғандардың жандарына күзету және техникалық  қызметін күшейтіп жатыр.

«Ақ жол» демпартиясының депутаттары Бекзат Дайрабайұлы және Мархат Хамит осы жағдайға байланысты, су арналарының жағалауларын көріп, ел- жұртпен сөйлесіп, қандай кедергілер болып жатқанын көрү үшін рейд жасап шықты. «Акжолдықтар» 35 шақырым жердегі Кеңгір су қоймасының бас жағында тұратын шаруа қожалықтарымен сағат сайын байланысқа шығып отыр.

Сол жерлерде ертеден бері тұратын шаруа қожалық иелері де, бұндай судың келуін бірінші рет көруіміз деп таң қалуда.

«Ең бастысы судың деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу үшін, су мамандары өте үлкен жауапкершілікпен, және зергерлік туралықпен, уақытылы бөгеттің шандорларын жабуды да қаперлеріне алу керек.

Көптен бері күткен бұндай мол су, аймағымыздың экономикасына да зор әсерін береді деп ойлаймын.

Жақсылыққа жорып, аймағымыздың экологиялық кризисіне айналған қуаңшылық қасіреті осы келген мол сумен берекесін алып келсе екен деп тілеймін!

Барлық өзен бойында отырған елді мекендерге тазарған су арналары  молшылыққа кенелтсін!», - деді Бекзат Дайрабайұлы.