22
Мамыр

«Ақ жол» демпартиясының орталық ғимаратында Франция елшісі Сильван Гиоге және оның кеңесшісі Том Наждармен кездесу өтті

https://t.me/peruash/13269

Бүгін «Ақ жол» демпартиясының орталық ғимаратында Франция елшісі Сильван Гиоге және оның кеңесшісі Том Наждармен кездестік. Қонақтардың өтініші бойынша «Ақ жол» демпартиясының саяси бағытын, парламентте атқарылып жатқан жұмыстарды, негізгі басымдықтарымызды талқыладық. Атап айтқанда, «Ақ жол» демпартиясы үшін Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі мен «Алаш» жалпыұлттық идеясы басты және маңызды құндылық екенін атап өттік.

Біз, сондай-ақ, нарықтық экономика принциптерін, жеке кәсіпкерлікті қолдауды және мемлекеттің экономикаға араласуын азайтуды, одан бөлек, еркін бәсекені қолдауды насихаттаймыз. Біздің жұмысымыздың маңызды бағыты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен экономиканы деофшоризациялау, сондай-ақ, шетелге шығарылған капиталды елге қайтару.

Біз үшін тағы бір басымдық – демократияландыру, парламентаризмді дамыту, парламент пен жергілікті мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейту. Қонақтардың сұрақтарына жауап бердік.

Отырысқа қатысушылардың қатарында «Ақ жол» фракциясының депутаттары Қазыбек Иса, Ерлан Барлыбаев, фракция аппаратының жетекшісі Берік Дүйсембинов, «Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісінің 7-шақырылымының депутаты, қазіргі таңда Түркістан облысына инвестиция тарту офисінің жетекшісі Мақсат Раманқұлов, сондай-ақ "Ақ жол" демпартиясы халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Әсем Аккужанова болды.

Әңгіме барысында экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне, атап айтқанда, Франциядан инвестиция тартуға көп көңіл бөлінді. Елші француз кәсіпкерлері мен француз бизнесінің қатысуы туралы айтты. Сонымен қатар, «Қазатомпроммен» өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларындағы бірлескен кәсіпорындардың қызметі туралы да сөз болды.

Ерлан Барлыбаев ӨБК шарттарын ашу мәселесін көтерді. Халықаралық консорциумдарға француздық «Тоталь» мұнай-газ компаниясы да қатысқаны белгілі. Үкіметіміз ӨБК келісімдерін жария етуден бас тартқандықтан, бәлкім, осы шетелдік қатысушылар елдерінің парламенттеріне өз компанияларын Қазақстанмен жұмыс істеу шарттарын ашуға міндеттеу үшін жүгінетіндігіміз жөнінде айттық. Өндіруші саланың ашықтығы бастамасы талап еткендей, инвестициялар ашық болуы керек.

Қазыбек Иса «Ақ жол» партиясының ұлттық мүддені қорғауда атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ, Франция парламентінің тәжірибесін ескере отырып, оюФранцияда мемлекеттік тілдің қалай насихатталып жатқанынан сабақ алуымыз керек деген пікір білдірді.

Жуырда ғана қызы Тулузада тағылымдамадан өткен, осыдан бір-екі жыл бұрын Макронның университет студенттерімен кездесуіне қатысып, Франция президенті Макронның өзімен сөйлескен Берік Дүйсембинов қазақтар мен француздардың мүдделері мен мінездерінің жақындығы туралы пікірімен бөлісті.