05
Қыркүйек

«Ақ жол» Демпартиясының Қостанай облыстық филиалы орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

5 қыркүйек 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі          

«Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы орман өртінен зардап шеккен облыс тұрғындарына гуманитарлық көмек жинап, таратты.  

Жиналған қаражатқа азық-түлік, балалар тағамы, жеке гигиена құралдары, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары сатып алынып, гуманитарлық көмектің алғашқы бөлігі Әулиекөл ауданына жіберілді. Сатып алатын қажетті заттар үшін қаражат жинау жалғасуда.


Қаланың жанашыр тұрғындары гуманитарлық науқанды белсенді қолдап, «Ақ жол» филиалына киім-кешек пен азық-түліктер әкелуде.

Қазіргі таңда балаларға арналған аяқ киім, кеңсе заттарының жетіспеушілігі байқалады.


67 адам Әулиекөл эвакопунктінде, қалған тұрғындар туыстарының үйлері мен өз үйлеріне оралды. Жақын арада отбасыларға атаулы көмек көрсету жоспарланып отыр.

«Ақ жол» демократиялық партиясының басқа өңірлердегі филиалдары да осы жұмысқа қосылды.

Қостанай облыстық филилында гуманитарлық көмекке арналған, қаражат жинау шоттары (Каспий Голд) ашылды.

+7 747 131 9525 - Аяна Ш.

+7 705 453 1234- Меруерт Ж.

+7 775 979 1223 - Мешит Х. 

Барлық сұрақтар бойынша координатор Аяна Шүкібаеваға хабарласуға болады

 +7 747 131 9525.