15
Ақпан

«Ақ жол» демпартиясының Павлодар облыстық филиалына жаңа төраға сайланды

15 ақпан 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып Павлодар аудандық мәслихатының депутаты Смағұлов Рүстем Сағадатұлы сайланды.

Облыстық филиал ұйымдастырған конференцияға «Ақ жол» демпартиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев, «Ақ жол» фракция аппаратының басшысы,  Мәслихаттармен жұмыс жөніндегі ҰК хатшысы Берік Сәлімжанұлы Дүйсембинов, сондай-ақ жергілікті филиал делегаттары қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Павлодар облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Смағұлов Рүстем Сағадатұлы бекітілді.

Смағұлов Рүстем Сағадатұлы – «Смағұлов» шаруа қожалығының басшысы, «СтройГруппPVL» ЖШС директоры, «Ақ жол» демпартиясынан Павлодар аудандық мәслихатының VII, VIII шақырылымдарының депутаты. «Үздік депутат» белгісінің иегері.