«Ақ жол» Демократиялық партиясы жастар ұйымдарының Конституцияны реформалау аясында партияның Саяси бағдарламасын өзектілендіру бойынша дебат турнирінің ақтық кезеңі басталады. Өз аймақтарындағы пікірсайыс турнирінде іріктеуден өткен командалар қатысуда. Командалар «Ақ жол» ҚДП Саяси бағдарламасының 5 негізгі бағыты бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп, олардың өзектілігін қарсыластармен талқылауда дәлелдеулері керек.
Дебат тақырыптары:
- Тәуелсіздік және «Алаш» ұлттық идеясы;
- нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және экономиканы деофшоризациялау;
- Демократия және парламентаризм институттарының дамуы;
- Әлеуметтік әділеттілік және халықтың өмір сүру сапасын арттыру.
Пікірсайыс нәтижесінде «Ақ жол» ҚДП-ның жастар резерві жасақталады.
Ертең жарыстың финалдық бөлімі өтеді.