26
Ақпан

“Ақ жол” демпартиясының Түпқараған аудандық мәслихат депутаты Наурызбек Тилепов азаматтарды қабылдау өткізді

26 ақпан 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 2024 жылдың 19 ақпанында “Ақ жол” демпартиясының Түпқараған аудандық мәслихат депутаты Наурызбек Тилепов азаматтарды қабылдау өткізді.


Депутаттың жеке қабылдауына 8 азамат келіп, қоғамдық және жеке проблемаларын көтерді. Тұрғындардың көбі қалаішілік (Жалау Мыңбайұлы және Қызылбаев көшесі) жолдардың жөндеу жұмыстарының аяқсыз қалғанын және де су, қоқыс жұмыссыздық мәселелерінің шешілмей тұрғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ Астана көшесі, 49 үйдің тұрғыны Аманқос Байқожа қосқабатты үйдің алдына жарық орнату бойынша өтініш білдірді.

Депутат Наурызбек Тилепов әрбір тұрғынның сұрақтарына заң жүзінде түсініктеме беріп, қабылдауда көтерілген барлық проблемалар тиісті құзырлы органдарға жолданатынын жеткізді.