26 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол»
Демпартиясының Ақтөбе облыстық филиалы
2024 жылдың 26 ақпан күні «Ақ жол» демпартиясы
лидері Азат Перуашев, ҚР Ұлттық индустриалды палатасының вице-президенті Болат
Өтепбаев және «Ақ жол» демпартиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ұлан
Қозыбақов Ақтөбедегі керамогранит және керамикалық плиталар шығаратын зауытқа
барды.
Зауыт ең заманауи итальяндық құрал-жабдықтармен
жабдықталған, өндіріс процесі толық автоматтандырылған (цехтарда пилотсыз
тиегіштер жылжып жүреді), жергілікті шикізатты пайдала отырып, әр түрлі
өлшемдегі және дизайндағы, соның ішінде тапсырыс берушінің авторлық дизайнын
қолдану арқылы плиткалардың кең ассортиментін шығарады. Өнімнің 60 пайызы
Ресейге жеткізіледі. Кәсіпорын кез келген сапа талаптарын - эконом-класстан
бастап ең жоғары стандарттарға дейін ескеруге дайын, әрі бюджеттен
қаржыландырылатын нысандарды салу мен жөндеуде жергілікті қамту талаптарын
арттыруды сұрайды. «Жайлы мектептер» жобасын жүзеге асыруға қатысады, басшылық
басқа да осындай ұсыныстарға сақадай сай. Бір қызығы, бұл компанияның алғашқы
кәсіпорны Шымкентте банкротқа ұшыраған түрік керамикалық плитка зауытының
кешенін сатып алудан басталды. Түріктердің қолынан келмеген істі жандандырған
отандастарымыз бүгінде өндірісті өркендетіп ғана қоймай, жабдықтау аумағын да
кеңейтіп отыр.
Дәл сол күні, партия басшысы Азат перуашев «Ақтөбе металл
конструкциялар» зауытының жаңа құрамымен кездесті.
Зауыт
тәжірибелік-механикалық кәсіпорын ретінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрге ие, ірі
жер қойнауын пайдаланушыларға (Қазхром, Дон Кен Байыту Комбинаты, Теңізшевройл
және т.б.) стандартты емес тапсырыстарды әзірлеп, шығарады. «Болашақ»
бағдарламасы бойынша Ұлыбритания мен Германияда білім алған жас инженерлер мен
менеджерлер бір ай бұрын 3.0 жаңғыртуды бастады; компанияның көлемі мен
технологиясын кеңейтуді жоспарлап отыр (өткен жылы олар 500 миллионнан астам
салық төледі). Келешегі жақсы, күшті орта кәсіпорын.
Бас директор Сұлтан Асанов (ТШО-да айтарлықтай инженерлік
тәжірибесі бар) нарықтағы өсіп келе жатқан бәсекені ескере отырып, жаңа
түйіндер мен бөлшектердің цифрлық прототиптеуді енгізу, басқаруға икемді
тәсілдерді енгізу жоспарларымен бөлісті. «Ақ жол» демпартиясынан зауыт кәсіпорынды қайта құруға және жаңа жабдыққа
инвестициялаған қаражатты табыс салығынан босатуды, сондай-ақ шетелдік ірі жер
қойнауын пайдаланушылармен сатып алатын жабдықтар мен бөлшектерді ауыстырудағы
қазақстандық үлесті арттыру тұрғысынан жұмыс істеуге жәрдемдесуді сұрады.
Одан кейін, Азат Перуашев жергілікті мәслихаттардағы «Ақ жол»
демпартиясының депутаттарымен әңгімелесіп, жалпы жұмысты үйлестіру, ШОБ-ты
қолдау бойынша ұстанымдарды талқылады.
Облыс
әкімі Асхат Шахаровпен кездесуде, партия басшысы «Ақ жол» демпартиясының
ұсынысын қолдағанына алғыс айтты. А.Шахаров салық органдарының салықты 3
пайызға дейін төмендету туралы ұстанымына қарамастан, Ақтөбедегі бөлшек сауда
салығын 4-тен 2%-ға дейін төмендетуге шешім қабылдады. Ендігі кезек аудандық
мәслихаттарда, облыс әкімі онда да мәселені оң шешеміз деп уәде берді.